Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қорғаныс министрі Абай облысында болған өртті сөндіруге қатысқан әскери қызметшілерге наградалар табыс етті

Қорғаныс министрі Абай облысында болған өртті сөндіруге қатысқан әскери қызметшілерге наградалар табыс етті
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс ведомствосында еліміздің шығыс өңіріндегі өртке қарсы іс-шараларға қатысқан әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті, депхабарлайды kazlenta.kz.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Бас штабтың, департаменттер мен басқармалардың басшылығы, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшылары қатысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілерге әскери, қызметтік борышын орындаудағы жанқиярлығы мен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтты.

– Қарулы күштердің тобы 73 учаскедегі өрт ошақтарын жойып, ұзындығы 3000 метрлік жерді жыртуды жүзеге асырды. Өтуі қиын учаскелердегі 20 шақырым жолды тазалады, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаевқа II дәрежелі «Айбын» орденін, 28738 әскери бөлімінің 1 сыныпты сержанты Талғат Жанғазиновке «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін салтанатты жағдайда табыс етті.

Абай өңірлік гарнизоны әскери полициясы кинологиялық қызметінің бастығы аға лейтенант Аслан Ықыласов Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстовлық медаліне ие болды.

44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі аға сержант Рүстем Өткелбаев, 28738 әскери бөлімінің батарея сержанты Мадияр Бекенов, Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция патрулінің бастығы кіші сержант Ернұр Еркінтаев Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін иеленді.

19132 әскери бөлімінің буын командирі Максим Кононенко мерзімінен бұрын «подполковник» әскери атағына ие болды.

Кездесу соңында министр қатысушыларды Астананың 25 жылдығымен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және бейбіт аспан тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты