Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Балаларды көшеге шығармаңыз". Қарағандылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысы тұрғындарына ескерту жасалды. Дауыл салдарынан шатырлар мен басқа да құрылыс заттарының ұшып кетуі немесе қирау ықтималдығына байланысты балаларды қорғау мақсатында көшеде жүруін шектеу сұралды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды мен облыста таңертеңнен бері жел күшейіп, бұрқасын байқалды. Жолдардағы көктайғақ жағдайды қиындатып отыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығынан шатырлар ұшуы мүмкін екені туралы хабарлама жіберіп жатыр. "Қазгидромет" облыстық филиалы мәліметінше, бұл ауа райы Қарағанды облысының басым бөлігінде 9 ақпанға дейін сақталады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 20-28 метрге дейін жетеді.

"Желдің күшеюіне байланысты шатырдың ұшуы, электр қуатының үзілуі және жолдар жабылуы мүмкін. Шахтинскте осындай бір факт тіркелді, Мәскеу көшесі, 18 мекенжайында қатты желдің салдарынан үш қабатты аурухана ғимаратының шатыры жартылай бұзылды. 270 шаршы метр шатыр зақымдалған. 1977 жылы салынған ғимарат, шатырдың жалпы ауданы 2670 шаршы метр болады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, азаматтарға мұндай ауа райында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, елді мекендерден тыс жерлерде жүру мен шығуды шектеуді, жабық жолдарда көліктердің жиналуын болдырмауды ұсынамыз", - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тұрғындарды ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, бағаналардан және электр сымдарынан аулақ болуға және ауа райы жағдайын бақылауға шақырды.

Қарағандылықтардан барлық оқиғаларды мына телефондар арқылы хабарлау сұралады: 112, 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді