Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Жұмысқа орналастырамын”: Ақтөбеде азаматтардан 16 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

“Жұмысқа орналастырамын”: Ақтөбеде азаматтардан 16 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде жұмысқа орналастырып беремін деп, 6 адамды сан соқтырған азамат қолға түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру кезінде теміржол станциясында машинисттің көмекшісі болып жұмыс жасайтын 30 жастағы жігіт өткен жылдың күз айында бірнеше адамды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардың әрқайсысынан 2-2,5 млн теңгеге дейін ақша алғаны анықталды. Осылайша, ол 6 адамнан жалпы сомасы 16 млн теңге иеленген.

Жәбірленушілердің барлығы күдіктімен ортақ танысы арқылы байланысып, ақшаны ол көрсеткен шоттарға алдын ала аударған. Алайда, олар жұмысқа орналаса алмаған, әрі ақшасын да қайтарып ала алмаған.

Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынды. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады