Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Даму» Қоры ШОБ қолдауға өтінім қабылдауды бастайды

«Даму» Қоры ШОБ қолдауға өтінім қабылдауды бастайды
Фото: vlast.kz

2024 жылғы 5 ақпаннан бастап «Даму» Қоры жаңартылған «Бірыңғай кешенді бағдарламаны» жүзеге асыра бастайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама ШОБ-қа мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсетіп, экономиканың түрлі салаларындағы бәсекеге қабілетті әрі импорттың орнын басатын отандық жобаларды дамыту үшін бекітілді.
Кешенді қолдау шаралары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бұрынғы бағдарламаларды жетілдірді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді.

«Микрокәсіпкерлік»;

«Шағын және орта кәсіпкерлік»:

«Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік»;

«Моно- және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік»;

«Әлеуметтік кәсіпкерлік»;

«Қор биржасы».

Бағдарама аясында негізінен өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу және жоғары технологиялық қызметтегі жобалардың несие мөлшерлемесін субсидиялауға басымдық беріліп, сараланған әдіс пайдаланылады. Мұндай жобалар бойынша алғашқы 3 жыл ішінде кәсіпкер несиесін 8%-бен, төртінші жылдан бастап 9%-бен, бесінші жылдан бастап 10%-бен төлейді.

Сонымен қатар, Бағдарлама қор нарығын дамытуды көздейді. Мәселен, облигациялар шығарылымының бір эмитентке деген жиынтық номинал құны 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, кәсіпкер үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 6% түпкілікті мөлшерлеме белгіленді.

Сондай-ақ, Қор қаржылық қолдау шараларын кеңейтіп, субсидия құралынан кепілдік беру құралына қарай кезең-кезеңімен көшуге ниетті. Бұл жаңалық несиеге кепілдік беру аясын кеңейтеді. Қазір кепілдік берілетін несие сомасы 1 млрд теңгеден 3,5 млрд теңгеге дейін көтеріліп, кепілдік мөлшері несие сомасының 50% болды.

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты да міндеттемелер енгізілді. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды іріктеу үшін міндетті нақты критерийлер белгіленді. Мысалы, мемлекеттен қолдау алған кәсіпкер еңбекақы төлеу қоры мен салық аударымдарын арттыру керек.

Бағдарлама бойынша субсидия немесе кепілдік алу үшін кәсіпкерлер online.damu.kz платформасы, egov.kz веб-порталы арқылы қашықтан немесе «Даму» Қорының өз өңіріндегі филиалына өтінім бере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты