"Dala Air" ЖШС жеке авиакомпаниясына "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қолдауымен қазақстандық "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" зауытында жиналған H125 үлгісіндегі алғашқы тікұшақ берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ сілтеме жасап.
Азаматтық авиация қызметкерлері күні өткен көлікті беру жөніндегі іс - шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасы - Гаппаров Р.Э., "Dala Air" ЖШС-ның Бас директоры - Романенко В. А. және "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" зауытының басшылығы қатысты.
Айта кетейік, "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" зауыты Airbus тікұшақтарын ірі тораптық құрастыру бойынша ТМД мен Орталық Азиядағы жалғыз авиациялық кәсіпорын болып табылады. Қорды қаржыландыру бағдарламасы бойынша сатып алынған тікұшақтар барлық қауіпсіздік талаптарына жауап береді және ICAO (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) стандарттарына сәйкес келеді.
Салтанатты тапсыру барысында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасы Гаппаров Ринат Эдуардович атап өтті: "Бүгінгі таңда тікұшақтар көпфункционалдылығына, ұтқырлығына және әртүрлі жағдайларда маневр жасау қабілетіне байланысты әуе көлігінің сұранысқа ие түрі болып табылады. Бұл көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдау бойынша әртүрлі міндеттерді шешеді, сондай-ақ іздеу-құтқару және аэрогеофизикалық операциялар кезінде таптырмас болып табылады. Өнеркәсіпті дамыту қоры көлік саласын және тұтастай алғанда отандық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларды қолдайды".
Өз кезегінде "Dala Air" ЖШС Бас директоры Романенко Вячеслав Анатольевич: "Отандық өндірістегі Н125 тікұшақтарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қажеттіліктері үшін, сондай-ақ жеке бизнес-авиацияда пайдалану жоспарлануда", - деп атап өтті.
Іс-шара азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай зауыт қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды.