Жетісу облысының полицейлері жол апатына себеп болған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігі жоқ, жол-көлік оқиғасына кінәлі болып, оқиға орнынан қашпақшы болған ауыл тұрғынын ұстады.
Бұл құқық бұзушының әрекетінен облыс орталығының көшелерінің бірімен жүріп келе жатқан ВАЗ-21013 автокөлігінің жүргізушісі зардап шекті. Аталған жүргізуші жол қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне өтпек болғанда, оның көлігіне Mercedes Benz соғылған, жүргізушісі көлікті тастай сала, оқиға орнынан жалтарған. ЖКО салдарынан ВАЗ-21013 жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен Талдықорған көпсалалы ауруханасына жатқызылды.
– Қала полицейлері Кербұлақ ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, ол медициналық қорытындыға сәйкес “жеңіл” дәрежедегі мас күйінде болған. Күдіктіден жауап алу барысында оның жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны анықталған. Қазіргі уақытта, ол УҰИ-на қамалды, – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Дамир Қонаев.
Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды.