Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда шаңсорғыштың қорабына есірткі жасырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Екібастұзда шаңсорғыштың қорабына есірткі жасырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: polisia.kz

Екібастұзда шаңсорғыштың қорабына есірткі жасырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 жыл орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыру, сот мұндай үкімді Екібастұзда есірткі тарататын азаматқа қатысты шығарды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілдер Астана қаласынан шаңсорғышы бар қорап түріндегі сәлемдеме келе жатқанын анықтады, алайда оның ішінде есірткі болды.

Пакетті алған кезде олар 24 жастағы ер адамды ұстады, ол шаңсорғышта гашиш бар екенін айтты. Тергеу барысында электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сату мақсатында заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

– Тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту шараларын жүргізді, ол жерден де есірткі құралдары тәркіленді. Тергеу нәтижесінде 2022 жылдың қазан айының ортасында Telegram қосымшасы арқылы өзінің парақшасымен интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқандығы анықталды. Ол қала аумағында есірткіні өлшеп-орауды және салуды жүзеге асырды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Валентин Бримжанов.

Тәртіп сақшысы тәркіленген есірткі заты – гашиш және марихуана болғанын нақтылады, оның жалпы салмағы 2 келі 250 грамм болды, бұл өте үлкен мөлшерге жатады және қылмыстық кодекске сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады