Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейден Қарағандыға тауар жеткіземін деп азаматтарды алдаған алаяқ қолға түсті

Ресейден Қарағандыға тауар жеткіземін деп азаматтарды алдаған алаяқ қолға түсті
Фото: polisia.kz

Ресейден Қарағандыға тауар жеткіземін деп елді алдаған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне алаяқтың құрығына түсіп, алданып қалған жеке кәсіппен айналысатын екі тұрғыннан арыз түсті. Белгілі болғандай, жәбірленушілердің азық-түлік сататын (біреуінде Қарағанды, екіншісінде Абай) сауда нүктелері бар. Жәбірленушілер сауда-саттығын жүргізу мақсатында тауар алмақшы болып, әлеуметтік желілердің бірінен Ресей Федерациясынан тиімді бағаға тауар жеткіземіз деген хабарламаны көрген. Сол хабарламадағы ақпараттар арқылы жәбірленушінің бірі белгісіз азаматтың есепшотына 1,1 млн теңге ақша аударса, екіншісі 2,8 млн теңге қаражат жіберген.

Келісім бойынша тауар былтырғы жылдың желтоқсан айында келу керек болған. Алайда арада ай өтседе тауар келмей, жәбірленушілер алданғандығын біліп, полицияға арызданды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері барысында күдікті азаматшаның осыған ұқсас тағы да 4 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады