Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында тұрғындарды 15 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Павлодар облысында тұрғындарды 15 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ қолға түсті
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында тұрғындарды 15 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы мен “CyberPol” бөлімшесінің жедел қызметкерлері банк қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады.

– Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, Екінші деңгейдегі банктерде тауар кредитін ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер бүгінгі күні күдіктінің қармағына түскен өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрайды.

Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұлтартпау шарасы күдікті жүкті болғандықтан таңдалады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық процессуаллық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді