Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі сатқан ер адам 5 жылға сотталды

Көлік жуу орнында есірткі сатқан ер азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Мақтаарал аудандық полиция бөліміне белгісіз азамат қоңырау шалып жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлайды. Хабарламаны алған полицейлер бірден аталған жайтты тексеруге кіріседі. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстау үшін қажетті шаралардың барлығын атқарады. Осылайша іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде полицейлер күдіктінің көлік жуу орнының жұмысшысы екенін, сонымен қатар ер азаматтың екі сіріңке қорабына есірткі тектес затты салып, басқа адамға жасырын түрде сатқанын анықтайды.  Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Автожуу орнынан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың 6 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Осыдан соң ұсталған азамат қамауға алынып, тергеушілермен тергеу істері жүргізілді.


Ауданның тергеушісі Жайық Айғазиев болған жайттың ақ-қарасын ажырата отырып, тергеуді жоғары деңгейде жүргізеді. Есірткі сатқан жергілікті тұрғыннан жауап алу секілді бірқатар жұмыстарды жүргізді. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, іс сотқа жолданды.


Осылайша көп ұзамай сот өз шешімін шығарып, күдікті ер азаматты ҚР ҚК-нің 297-бабындағы қылмысты жасады деген айыппен бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтағанға және таратқанға ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді