Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Toyota Land Cruiser” көлігімен 700 келі есірткі тасымалдаған ер адамдар ұсталды

Түркістан полицейлері Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын 700 келі есірткімен ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бүгін Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков брифинг өткізді.


<!--more-->

– “Қарасора-2020” жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Созақ АПБ полицейлері және жергілікті қорықшылармен бірге есірткінің ірі партиясын тасымалдаған “Toyota Land Cruiser” автокөлігін ұстады.

Жедел уәкілдер көлікті тінту кезінде ішінен 37 полиэтилен қапшығы мен өсімдік тектес есірткі заттары бар бірнеше ыдыстарды тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған есірткі заты жалпы салмағы 650 келіден асатын “кептірілген марихуана” және 48 келіге жуық “гашиш” болып шықты.

Анықталғандай, ұсталған екі күдікті Нұр-Сұлтан қаласы және Жамбыл облысының бұрын сотты болған тұрғындары. Күдіктілер есірткі салынған қапшықтар мен ыдыстарды алдын ала дайындап, Жамбыл облысынан шыққаны белгілі болды. Одан әрі олар Созақ ауданы арқылы жол бойындағы айналма жолдармен Қостанай облысына қарай кетпек болған. Алайда, Бетпақдала аумағында көлік жүрмейтін жолдармен жасырынып кетіп бара жатқан көлікті қорықшы байқап қалып, полицияға хабарлаған.

Ұсталған ер адамдарды оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Созақ АПБ-не жеткізді. Аталған жайт Созақ АПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, – деп мәлімдеді ПД бастығының орынбасары.

<!--more-->

Бүгінгі күні Түркістан облысының полиция қызметкерлері күдіктілер есірткінің ірі партиясын қандай мақсатпен тасымалдағанын, сондай-ақ біздің облысқа есірткі құралдарын жеткізу арналарын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді