Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы Qnet қаржылық пирамидасының ұйымдастырушысы бес жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысындағы Qnet қаржылық пирамидасының ұйымдастырушысы бес жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: pixabay.com

"Qnet" қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті тергеп-тексерген болатын.

Г.Жумагазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.

Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрап отыр. Г.Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Қылмыстық жолмен алынған құны 286 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады