Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында Qnet қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Салымшыларды тарту схемасы жалған саяхатшының картасы шотына 2 000 АҚШ долларын салуды және оның орнына 6 900 АҚШ долларын алуды қамтыды. Бұл ақша шетелдік қонақүйлердегі қызмет құнының 80%-ын төлеуге жұмсалуы туралы жалған ақпарат тараған.


Ақша болмаса, 5 смарт сағат сатып алуға онлайн несие беру ұсынылды. Салымшылар смарт сағат алмаған, орнына «Qnet Mobile» қосымшасындағы жалған шотқа «Экардтар» түсіп отырған. Оларды жолаушы картасын сатып алғанда пайдалануға болады.


Ұйымдастырушылар 8,5 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық кірістің бір бөлігін қазақстандық банктердің біріндегі депозиттік шоттарға салып, депозит бойынша сыйақы түрінде қосымша табыс алған», - делінген ресми хабарламада.


Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Еске салсақ, Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалған болатын.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты