Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады

ІІМ жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен оның бөліністері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау полициясы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өткен жылдың қараша айында мас күйінде кафелердің бірінде орын алған жанжал барысында қала тұрғынын ұрып-соққан. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған болатын.<!--more-->

Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен.<!--more-->

Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады