Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында тұрғындарды 60 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ бас бостандығынан айырылды

Абай облысында тұрғындарды 60 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Абай облысында тұрғындарды 60 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны азаматтарға өзін сот орындаушысы ретінде көрсетіп, кепілге салынған пәтерлерді банктен төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берді. Үй сатып алу үшін ол тұрғындарды бастапқы сомамен инвестициялау қажеттігі туралы сендірген. Адамдар сеніп, 2 млн теңгеден 13 млн теңгеге дейінгі мөлшерде ақша салған. Осылайша, ер адам 14 семейлікті алдап, оларға жалпы сомасы 59 млн теңге материалдық шығын келтірді.

Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

– Қазіргі уақытта сотталған А. есімді азамат өзінің кінәсін түсініп, түзу жолға түсуге шешім қабылдады. Бүгінгі таңда сотталған А. ЖК-де ағаштан бұйымдар жасау үшін мекеменің өнеркәсіптік аймағына жұмысқа орналасқан. Ол жалақысын ала отырып, жәбірленушілерге талап-арыз өтеп отыр, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нурболат Сапарғалиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты