Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да боран салдарынан 80 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

СҚО-да боран салдарынан 80 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды
Фото: polisia.kz

СҚО-да боран салдарынан 80 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде солтүстікқазақстандық полицейлердің, ТЖ және жол қызметтері қызметкерлерінің жұмысы қыза түсті. Бір-екі күн бұрын аймақта ауа температурсы көтеріліп, жаңбыр жауды, кейін күн суытып, соңы көктайғақ пен боранға ұласты. Барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының барлық ауысымдары ғана емес, тіпті бұл бөліністің басшылығы да жұмылдырылды.

Астана – Петропавл автожолының Тайынша ауданы арқылы өтетін учаскесі жүргізушілер үшін қиын болды. Ауыр жүк көліктері қатты жел мен көктайғақтың салдарынан дөңес учаскелерге көтеріле алмады. 27 желтоқсанда таңертең бұл жерде 80-ге жуық жүк көлігі жиналып қалды.

Мамлют ауданында Қостанай қаласынан Петропавл қаласына ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін тасымалдап келе жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесі жолдан шығып кетті. Тіркемені шығарып алу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағында бір түнде барлығы 7 автокөлік осындай жағдайға тап болды, олардың барлығы шығарып алынды.

Жабық жолдарда барлығы 159 жүк және 132 жеңіл көлік тұрып қалды. Полицейлер мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері 240-тан астам адамды шығарып алды, біреулерін жылыту орындарына жеткізді. Қол созым жер көрінбейтін қарлы боранда полицейлер елді мекендерге 30-40 машинадан құралған 7 автокөліктер легін жеткізді. Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындағы білім беру мекемелерінің біріне тамақтанып, жылыну үшін 80-нен астам адам орналастырды. Олардың қатарында Ресейден Тәжікстанға транзит арқылы кетіп бара жатқан автобустың 70 жолаушысы да болды, оның 17-сі балалар.

– Сондай-ақ облыс жолдарында ұсақ екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, ешкім зардап шекпеді. Жүргізушілерден ТЖ қызметінің хабарламаларын бақылап отыруды, жолдардың жабылуына дайын болуды сұраймыз. Қозғалысты шектеу туралы талаптарды орындамау ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Қысқы жолдарда жылдамдықты кенеттен арттырмаған және тежегішті бірден баспаған жөн. Өте қажет болмаса, басып озу маневрін жасамаған абзал. Қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды ұмытпаңыздар. Қазіргі уақытта өңірде ауа-райы тұрақталып келеді, жолдар қар үйінділерінен тазартылғаннан кейін көлік қозғалысын жандандыру жоспарланып отыр, – дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Уәлихан Оразалин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты