Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция жол қозғалысын заңсыз шектегені үшін жауапкершілік туралы ескертеді

Полиция жол қозғалысын заңсыз шектегені үшін жауапкершілік туралы ескертеді
Фото: polisia.kz

Полиция жол қозғалысын заңсыз шектегені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы кез келген бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” көрсету туралы нақты міндеттерді атап өтті, оның ішінде заң мен тәртіптің сақталуын қадағалау.

Осындай бұзушылықтардың бәрі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері 16 мыңнан астам ұсақ бұзақылықты, 1700-ден астам бөтеннің мүлкін бүлдіру деректерін анықтады.

Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдірумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 1,5 мыңға жуық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Соңғы уақытта қоғам назарын аудару мақсатында жолдарды жабу деректері кездеседі. Алайда мұндай акцияларды өткізу заңсыз болып табылады.

Мәселен, кеше Алматыда “River Park” тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылуды қосу талаптарымен Мақатаев көшесін жауып тастады. Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау болып саналады.

Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң шеңберінде, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы Заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын.

Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды.

Осыған байланысты төрт азаматқа қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Акцияның басқа тоғыз қатысушысы көлік құралдарының жүрісіне кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді