Еліміздегі маңызды қалалардың көшін бастап тұрған аймақ- Шымкент үшін 2023 жылдың ең табысты жаңалығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шымкент қаласын 2035 жылға дейінгі дамытудың жаңа бас жоспарын бекітуі болды.
Бұл дегеніңіз, үшінші мегаполистің дамуы енді қатаң түрде жоспарға сай жүреді. Еліміздің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірін кешенді дамыту аясында тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды, жаңа индустриялық аймақтар пайда болады, айналма теміржол желісі мен тәулігіне 20 мың жолаушыны өткізу қабілеті бар вокзал салынып жатыр. Қаланы кеңінен көгалдандыру бойынша шаралар қарастырылған.
Шымкент қаласы экономикасы салаларының дамуы өнімділікті арттыруды, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруды қолдауды қамтамасыз ететін тиімді индустриялық, инфрақұрылымдық, инвестициялық және сауда саясатын жүзеге асыру арқылы, қолданыстағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тиісті инфрақұрылымды дамыту жалғасады.
Сондай-ақ, өндірістік аумақтарды жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады. Осылайша, 2035 жылға қарай олардың аумағын жаңа индустриялық аймақтар салу есебінен 5 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, онда 14 перспективалы индустриялық кластер дамиды.
Тағы бір маңызды мәселе- экологиялық қауіпті аймақтар жойылып, Бадам, Қошқарата, Қарасу және Сайрамсу өзендерінің су қорғау белдеулері мен аймақтарының жобалары әзірленеді. Тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең спектрімен қамтамасыз ететін Next Generation Network технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін кеңейту және жаңғырту жоспарлануда.
Жалпы, қала тұрғындарының өмірін жайлы ететін көптеген істер жоспарланған. Олардың орындалу барысы Мемлекет басшысының басты назарында.
19-12-2023, 23:31
Шымкенттің даму динамикасындағы экономикалық серпіліс
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз