
"Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанның болашағы жалынды жастар екенін айтып келеді. Бүгінде мемлекет жастардың сапалы білім алуына, спортпен, ғылыммен және шығармашылықпен айналысуына, жұмысқа орналасып, бизнес бастауына, отбасын құрып, өмірден өз орнын табуына және баспаналы болуына қолдау көрсетуде. Биыл Шымкент қаласында 159 жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ, жұмыс істейтін 900-ге жуық жасқа арендалық баспана беріліп отыр. Осының барлығы еліміздің басшылығының жастарға деген қамқорлығының көрсеткіші деп ойлаймын", – деді Ғ.Сыздықбеков.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жыл көшбасшылары - 2023» премиясының иегерлері марапатталды.

Айта кетейік, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, әріптесіміз Айдана Мұхтарова аталған байқауда «Үздік жас журналист» номинациясының иегері атанды.