Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: жас кәсіпкерлер жобасы мақұлданды

Шымкент: жас кәсіпкерлер жобасы мақұлданды
Фото: pixabay.com

Елімізде кәсібін ашып, даму жолына түсемін деген жастарға мемлекет тарапынан түрлі жеңілдетілген қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы мақсатта, Шымкент қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға 500-ге жуық азаматтан өтініш түскен. 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Бүгінде өтінім берген 272 үміткердің жобасы мақұлданды. Жас кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын қолдауға қаралған қаражат толығымен игеріліп отыр. Жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастаған жастардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Жеңілдетілген несие жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпарат және жиі қойылатын сұрақтармен «https://www.agrocredit.kz» сайтында танысуға болады,- дейді сала мамандары. Шымкенттік жастар бұл бойынша өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаладағы филиалына тапсыра алады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты