Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полицейлері әйелі мен баласын қарумен қорқытқан азаматты құрықтады

БҚО полицейлері әйелі мен баласын қарумен қорқытқан азаматты құрықтады
Фото: polisia.kz

БҚО полицейлері әйелі мен баласын қарумен қорқытқан азаматты құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылы желтоқсанның 17-не қараған түні Бөрлі ауданының полиция бөліміне әйел адам жүгініп, оның жолдасы дүкеніне келіп, қарумен қорқытқаны туралы хабар берді.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінде ер адам қолындағы қаруымен 44 жастағы әйелі мен 20 жастағы ұлын қорқытқанын анықтады.

Қолданылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің 52 жастағы жұбайын күдікті ретінде ұстады. Сараптама нәтижесі бойынша ол “орта дәрежедегі” мас күйде болғаны белгілі болды. Күдіктіден қару тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы ПБ-мен ҚР ҚК-нің 115-бабына (Қорқыту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталғандай, олар ажырасу үстінде болғаны белгілі болды. Күдіктінің айтуынша, мұндай жағдайға баруына әйелінің оның атына бірнеше несие ресімдегені себеп болған.

Әйелді күдіктіден қорғайтын қорғау нұсқамасын шығару үшін материалдар сотқа жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады