Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау үлесіне көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудан жолаушылардың 76% - ы немесе жылына 17 млрд.сапар келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Бұл тасымалдар Қазақстанда бірыңғай жоспарға сәйкес дамуда. Ол "Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені" - деп аталады. Оны әзірлеу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2020 жылғы қаңтарда ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде тапсырылды.
Кейін құжат мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП және салалық қауымдастықтармен келісілді. 25 қарашада шаралар кешені ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді.
Шаралар кешені мыналарды қамтиды:
- тарифтерді және әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізбесін өзектендіру;
- қалалық автобустар паркін жаңарту үшін әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды толыққанды субсидиялауға;
- 2021 жылдың соңына дейін электронды билеттерді енгізу және онлайн диспетчерлеу;
- мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруды шектеуге;
- мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруға тыйым салу мәселесін пысықтау;
- газмоторлы отынмен немесе электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін автобустарды сатып алуды ынталандыру;
- жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласындағы заңнаманы өзектендіру.
Шаралар кешенін іске асыру бүкіл ел бойынша қалалық автобус жолаушылар тасымалын дамытуға жағдай жасайды.