Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкерлерге сертификат рәсімдеу шаралары туралы түсіндірілді

Шымкенттік кәсіпкерлерге сертификат рәсімдеу шаралары туралы түсіндірілді
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында тауарлар мен өнімдерді сертификаттау бойынша жиын өтті. Кездесуге Палата өкілдері мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысқан кәсіпкерлер, ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшысы Бастар Есқараев қатысты.

Жиында жергілікті өнімдерді сертификаттау бойынша қолдау қызметтері туралы талқыланып, Бастар Әуелханұлы өндірілетін өнімдер мен тауарларға тиісті құжат алу туралы түсіндірді.
«Біздің басты мақсатымыз – жергілікті кәсіпкерлерді бизнеске жұмылдырып, экономикаға қажет өндіріс орындарын ашуға ықпал жасау. Қазақстандық «Бір ауыл – бір өнім» жобасы әлеуеті жоғары жобаларды тауып, шаруа қожалықтары, өндірістік мекемелер сияқты жергілік ішкі өнімде үлесі мол өндірістік тізбектерді дамыту бағытында жүзеге асырыла береді», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Бауыржан Бердалиев.
Жиын соңында департамент басшысы жергілікті кәсіпкерлерге сертификаттау бағытында қолдау көрсететінін айтып, тіисті құжаттарды рәсімдеуде, жеке кеңес беру бойынша өзара әріптестік туралы уағдаласты.

Айта кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қолға алынған «Мен кәсіпкер» бағдарламасының бір бөлігі саналады. Жоба аясында биыл алғаш рет Қазақстанның барлық өңірінде «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі ұйымдастырылды.

Жоба қарапайым азаматтардың тұрмыс деңгейін, өмір салтын жақсартуға, кәсіпкер әйелдердің өнімдерін өткізу нарығын кеңейтіп, алдағы уақытта экспортқа шығуына ықпал етуге бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты