Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көпбалалы ана мемлекеттік гранттың көмегімен жылыжайда құлпынай өсіріп, өнім ала бастады

Көпбалалы ана мемлекеттік гранттың көмегімен жылыжайда құлпынай өсіріп, өнім ала бастады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласының тұрғыны Субхидам Мойдинова мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаржысына үй ауласындағы 1,5 соттық жерге жылыжай орнатып, 1500 -ға жуық құлпынай көшетін отырғызған. Көпбалалы ана әрі ерекше бала асыраушы отбасы бұл күндері құлпынайдың кабрилла сортынан алғашқы өнімін ала бастады. 
Еңбекқор ана істің көзін тауып, аядай жерден жылына үш рет өнім алуды жоспарлауда.  Өнімді мол алу үшін тамшылатып суару әдісін қолданып отыр.
"⁠Ниет болса барлығына қол жеткізуге болады екен. Үйде бала- шағаммен құр отырмайын деп осы істі бастадым. Әзірге құлпынайды дүкендерге өткізіп жатырмын. Шыны керек  осы табысыма қайтарымсыз грант үлкен көмек болды", - дейді Субхидам Мойдинова.
Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үлесі орасан. Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грант жалпы саны 452 азаматқа берілді. Грант алған азаматтар тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қол өнер және тігін тігу кәсіптерімен айналысуда. Қайтарымсыз грант осылайша отандық, оның ішінде шымкенттік өнім көлемін арттыруға септігін тигізуде.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталған болатын. Оның ішінде, әсіресе агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, сондай-ақ індет кезінде зардап шеккен шағын және бизнеске қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабыл алды.
«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады» – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Осы ретте, күнгейдің еңбекқор халқы Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыруға кірісіп кетті. Өнімділікті арттырып, табысқа шығып қана қоймай, ел экономикасына сүбелі үлес қосу кәсіпкерлердің басты мақсаты. Олар мемлекет қолдауының шарапатын көріп, жұмыстарын жүйелеп отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді