Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде "Бақытты отбасы" бағдарламасы жойылуы мүмкін

Бүгінде Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған "Бақытты отбасы" тұрғын-үй бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп жазады Крыша басылымына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Басылым мәліметінше, "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы ел азаматтары 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен ипотека рәсімдей алады. Алайда аталған мемлекеттік бағдарлама тек халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Дәлірек айтқанда, аталған бағдарламамен төмендегі санаттағы азаматтар ипотека ала алады: Көпбалалы отбасылар; 1 және 2-топтағы мүгедектер; Мүгедек баласы бар отбасылар; Жетім балалар.

Аталған санатқа толық емес отбасылар да кіреді, алайда ол санатты көп ұзамай алып тастау жоспарланып отыр. Басылымда ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстанда тіпті аталған бағдарламаның өзін де қолданыстан алып тастауы мүмкін. Бұл туралы үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазіргі таңда депутаттармен бірлесе отырып тұрғын-үй қатынастары туралы заң жобасы әзірленуде. Оның аясында қазақстандықтарға жалдамалы баспананы сатып алу мүмкіндігі қарастылыруы мүмкін. Осыған орай заңда аталған өзгерістер қабылданатын болса, елімізде жеңілдетілген ипотека өз жұмысын тоқтатуы ықтимал.

"Егер өзгерістер қабылданса, яғни жалдамалы пәтерді жекешелендіру құқығы және құқығынсыз қабылданса, онда біз 2 пайыздық жеңілдетілген несие жобасын жою туралы ұсыныс енгізетін боламыз. Біз бұл жобаны тоқтатуға мәжбүрміз, себебі қаржы мөлшері шектеулі", - деді вице-министрі. 

Айта кетерлігі, Қазақстанда "Бақытты отбасы" бағдарламасынан бөлек, әлеуметтік осал топтарға арналған бірнеше бағдарлама бар. Олардың арасында "Шаңырақ" және т.б. бағдарламалар бар. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді