Кездесуде медицина мамандары вакцинаның қажеттілігін атап өтіп, балаларда қызылша ауруының асқынуынан пайда болатын ақауларды түсіндірді.

–2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшамен 3082 жағдайы тіркелді. Науқастардың ішінде балалар 87 пайызды құрайды. Олардың шамамен 60 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған, – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков.

Басқарма басшысы соңғы бір аптада қалада эпидемилогиялық жағдай тұрақталғанан атап өтті. Дегенмен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.
Айта кетейік, қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинация жүргізу үшін қаланың барлық емханаларында вакцинаның жеткілікті қоры бар.