Жастарды қолдау мақсатындағы шараларды «Nur Otan» партиясы назардан тыс қалдырған емес. Аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттағына үміткерлер аудан жастарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында жастардың жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін мекемелер мен кәсіпорындарда тәжірибеден өтуінің маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар осы бағыттағы бірқатар нақты ұсыныстарын да жеткізді.
- Ауданда шамамен 25,4 мың жастар бар. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірге ауылдық жерлерде жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, - деді аудандық мәслихатқа кандидаттар.
Жастарды одан әрі қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясының алдыға қойған мақсаттары таныстырылды. Алдағы уақытта партия 2025 жылға жастар арасынан 383 адамды жұмысқа орналастыруға, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 150 білікті жас маманды тартуға (жыл сайын-30 адам әлеуметтік қолдау, тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы арқылы), «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыру және жас адамдардың өз бизнесін ашуға жыл сайын 100-ден кем емес грант беруге, Байзақ ауданында жастардың бос уақытын өткізу орталығын ашу бойынша іс- шаралар өткізуге ниет танытып отыр.
Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру жолымен еріктілер қозғалысын дамытуды көтермелеу де, «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде кемінде 60 жасты жұмысқа орналастыруға ықпал ету де партия бағдарламасында көрініс тапқаны айтылды.
Бұдан бөлек, бүгінгі таңда аудан аумағында пандемияға байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан білім алуының нәтижесінде интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды.
Алдағы кезеңде «Nur Otan» партиясы аймақтың қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және азаматтардың оны кеңінен пайдалануға көшуі мақсатында интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі етіп қоятыны сөз болды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін 17 елді мекенді немесе 11,8 мың халықты талшықты - оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) технологиясы бойынша интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге ықпал етуді көздей отырып, 2022 жылы Базарбай, Ботамойнақ, Жаңасаз, Ақтөбе, Төрткөл, Еңбек, Аққия, Аймантөбе сынды сегіз елді мекенді, 2025 жылы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жібек жолы, Тегістік (Самбет),Тегістік, Сарыбарақ, Көкөзек, Қарасу, Талас станциясы секілді тоғыз елді мекенді интернетпен жабдықтауға күш салады.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.