«Nur Otan» партиясы Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, «Козлова А.В» ЖК басшысы Козлова Анна Викторовна мен «Nur Otan» партиясы Аршалы аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Ахимова Омарқызы аудан тұрғындарымен онлайн жүздесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 7 басым бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Халықтың тұрмыс жағдайын арттыру жолында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керек екендігін айтқан кандидаттар, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне де елеулі өзгеріс енгізді. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты байлығы адам өмірі мен денсаулығы біздің бірлігімізді арттыра түсті.
Гүлмира Омарқызы «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әр бір қазақстандық азаматтың әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғасыра беретіндігін алға тарта отыра, партияның әр бір мүшесі еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып отырғанын айтты.
Анна Викторовна өз сөзінде Қазақстан дамуының аймақтық көшбасшысына айналды және оның экономикалық табыстары еліміздің әр отбасы мен әр азаматтың әл ауқаты мен өмірінің жақсаруына әсер етені жайлы айта келе, ауданымыздың агро өндірістік және ауыл шаруашылығын дамытуға толық жағдай жасалғанын атап өтті. Аудан жастарын осы саланы дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Аршалы ауданы туризмді дамытуға өте ыңғайлы мекендердің бірі екені айтылды. Жібек жолы ауылында қысқы туризмді дамыту қолға алынғандығы жөнінде де мәлімдеді.
Болашағымызды жоспарлауда нақты қадамдар мен бағыттар ұсынып отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Алуан түрлі әлемдік үдерістерге қарамастан, алға қойған барлық мақсаттарға бірге қол жеткізетінімізге сененміз!
«Nur Otan» қашан да халықпен бірге!
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
14-12-2020, 16:33
«Nur Otan» халықпен бірге!
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз