Ср, 16 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік оқушылардың ғылыми жетістігі әлемді мойындатты

Шымкенттік оқушылардың ғылыми жетістігі әлемді мойындатты
Фото: pixabay.com

Білім және ғылым саласы қазіргі заман талабына сай үлкен трансформацияны талап етеді. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тап осы саланы жандандыруға байланысты берген тапсырмасы аясында, білім ошақтары инновациялық жетістіктерге қадам басуда.

Жуырда, Шымкенттік мектеп оқушылары пластикті жейтін бактерия ойлап тапты. Бұл ғылыми жоба әлемде экологиялық деп танылып отыр. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары гендік-инженерлік машиналар халықаралық байқауында дәл осы ғылыми еңбегімен Парижден алтын медальмен оралды. Онда олар жақсартылған бактерияларды негізге ала отырып жұмыс жасаған. Бұл бактериялардың ұқсастары табиғатта бар,  бірақ олардың метаболикалық процестері баяу, -дейді зерттеушілер.  Зияткер оқушылар оларды жылдамдатудың жолын ойлап тапты. Көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның ішінде еліміздегі ірі университеттің базасында біраз тер төгуге тура келген. Өйткені бұл мақсатқа әзірге мектепте қажетті зертханалар қарастырылмаған. Алайда, жасалған бактерия табиғатқа шығарыла алмайды, оны тек өнеркәсіптік жағдайларда биореакторда қолдануға болады.
"Прототипті оқушылар өздері жасады. Тіпті қоқыс өңдейтін зауыттардың бірі жобаға қызығушылық танытып та үлгерді. Өйткені, пластик ғасырлар бойы ыдырап, қоршаған ортаны ластайтыны белгілі. Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиянсыз Pseudomonas putida сияқты бактерия бар, оның ыдырауына жауап беретін Ideonella sakaiensis бактериясының генін алуды жөн көрдік. Біздің бактериялардың метаболизм жылдамдығы жоғары болады. Мәселен, бактериялардың бір граммы биореакторда 1-2 сағат ішінде 80 грамм пластикті ыдыратады. Осылайша әлемді алаңдатқан экология мәселесін оңтайландыруға мүмкіндік тумақ", - дейді жобаның ғылыми жетекшісі, биолог Жанна Өтебаева.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты