Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның  2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

–  Бұл шешім – Сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы беделі жоғары екенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Әзербайжанның тиімді және прогрессивті саясаты мен климатқа қатысты жаһандық күн тәртібіндегі асқақ мұраттарға бейілдігін мойындағанын білдіреді. Осынау ауқымды форумды көрікті Баку шаһарында өткізу Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып, заманымыздың ең өзекті міндеттерінің шешімін табуға септігін тигізетініне, сонымен қатар аймақтық сипаттағы экологиялық  мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы әзербайжандық әріптесіне COP29 конференциясын табысты әрі нәтижелі өткізу  үшін Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізіп, шараға белсенді қатысатынын айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді