Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды президенттің Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Президент өзінің жуырда Бакуге жасаған сапары қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

"Елімізге келіп, саммитке қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасқа арнайы тоқталғым келеді. Бакуге сапарым кезінде көрсеткен қонақжайлығыңызға ризашылығымды білдіремін. Біздің келіссөздеріміз табысты болды және шет мемлекеттердегі саяси және экономикалық топтардың назарын аударды. Біз Әзербайжанды одақтасымыз, стратегиялық серіктесіміз деп есептейміз. Әрқашан осы бағытты ұстанамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау жөнінде үкіметтерге тапсырма берілгенін атап өтті.

"Әзербайжан өз аймағында ғана емес, кең географиялық ауқымда да маңызды рөл атқарады. Қазір күн тәртібінде "Орта дәлізді" дамыту мәселесі тұр. Біз де осы форматтағы жұмыстарды жалғастыруға мүдделіміз", – деді мемлекет басшысы.
 
Сонымен қатар президенттер екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара табысты іс-әрекетін, оның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның тарихи және мәдени құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуын жоғары бағалады. "Біз Әзербайжанның көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшені ауыстыру туралы айттық. Елордамызда оған лайықты орын бар деп санаймын. Мұндай орын табылды. Мен оны мақұлдадым. Ендігі мәселе уақыттың еншісінде", – деді Қазақстан президенті. Ильхам Әлиев АӨСШК саммитіне шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

"Бауырлас Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Сондай-ақ өткізілген саммиттің оң нәтижелерімен құттықтағым келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі мен беделі жоғары екенін көрсетеді. Ең алдымен, Гейдар Әлиұлы Әлиевті еске алып, құрмет көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің сапарыңыздан бері біз жақсы жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткіздік", – деді Әзербайжан Президенті. Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты