Алматы полициясы коммуналдық кәсіпорындардың қысқа дайындығын тексерді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері “Алматы Тазалық” коммуналдық кәсіпорнының қысқа дайындығын тексерді.
– Біздің бөлімшенің техникалық байқау бөлімінің қызметкерлері мердігер ұйымдардың қысқы көшелерді күтіп ұстауға дайындығын тексеріп жатыр. Қазір біз “Алматы Тазалық” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының филиалындамыз, онда техникалық құрал-жабдықтардың жағдайы мен қысқы көше тазалау жұмыстарына дайындық жағдайы тексерілуде. Өндірістік базаны жабдықтауға, сондай-ақ олардың жұмыскерлерінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Кестеге сәйкес техника, құрал-жабдықтар, жұмыс құралдары мен шығын материалдары, тазалау техникасының жүру бағыттары, сондай-ақ қызметкерлер құрамы тексерілді. Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және жауын-шашын кезінде азаматтарға қауіпсіз жағдай жасау. Коммуналдық кәсіпорындарды тексерудің бірінші кезеңі 15 қарашағадейін жүргізіледі, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Биыл қалаға қысқы уақытта қызмет көрсету үшін 818 бірлік техника мен 1240 жол жұмысшысы тартылды.