Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады

Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады
Фото: polisia.kz

Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 желтоқсанда “102” пультіне облыс орталығының ойын-сауық орындарының біріне келуші мен пульттік күзет қызметкерінің арасында жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Іс жүргізу барысында полицейлер кешкі сағат 21:00 шамасында аталған мекемеге жеті адамның келгенін және олардың үшеуі мас күйде болғанын анықтады. Кейбір адамдар агрессивті түрде әрекет еткендіктен, мекеме әкімшісі оларға қызмет көрсетуден бас тартқан. Алайда қонақтар мекемеден кетпеген. Осыдан кейін кафе қызметкерлері пульттік күзетті шақырған.

Келген күзетшілер мен келушілердің бірі арасында ауызша қақтығыс болып артынша 33 жастағы ер адам күзетшілердің біріне дене жарақатын салып, оның қаруын иемденбек болған. Қайта тырысқанда, күзетші ұсақ бытырамен жабдықталған қызметтік карабиннен аяғына оқ атқан.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша (Бұзақылық), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 252-бабы 2-бөлігі (Жеке күзет қызметтері қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды.

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, жауап алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді