Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері жыл басынан есірткі өткізудің 104 фактісін тіркеді

СҚО полицейлері жыл басынан есірткі өткізудің 104 фактісін тіркеді
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері жыл басынан есірткі өткізудің 104 фактісін тіркеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратын әйел бөлмесінде есірткі сатқан. Әрі сол жерде есірткі қолдануға рұқсат берген. Бұдан бөлек, төртінші сыныпта оқитын қызын тәрбиелеп отыр. Полицияға бұл жағдай туралы жандары ашыған жатақхана тұрғындары хабарлады.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексерді. 47 жастағы қала тұрғыны “тұз” деген атаумен белгілі α-PvP есірткісінің төрт түйіншегімен ұсталды.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, — деп атап өтті СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті күзетпен қамауға алынды.

Қыз бала әжесіне берілді. Ол жақын арада қамқорлық ресімдеуді жоспарлап отыр.

11 айдың ішінде облыста есірткі өткізудің 104 фактісі тіркелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады