Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада масаң күйде көлік тізгіндеген әйелдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Астанада масаң күйде көлік тізгіндеген әйелдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды
Фото: polisia.kz

Астанада масаң күйде көлік тізгіндеген әйелдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі “102” пультіне мас күйінде рөлде отырған әйел туралы хабарлаған.

Анықталғандай Chery Tiggo 2Pro автокөлігінің жүргізушісі Майлина көшесімен Абылай хан даңғылына қарай келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Hyundai Accent көлігімен жанама соқтығысқан. Оқиға салдарынан Hyundai Accent көлігінің жолаушысы зардап шегіп, көлік механикалық зақым алғаны белгілі болған.

Осы факті негізінде бұрын көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған тәртіп бұзушы одан әрі іс жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жеткізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 38 жастағы жүргізуші әйелдің қанында алкоголь мөлшері 1,99 промилле құрамы болғаны расталып, “орташа ауырлықтағы” масаң күйде болған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Chery Tiggo 2Pro көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады