Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«80 жаңа мектеп». Nur Otan Жетісудағы үш ауысымды оқу мәселесін шешеді

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. Бүгін, яғни желтоқсан айының 29-шы желтоқсанында, билеуші партия өкілдері Алматы облысын аралап қайтты, соның ішінде біздің аудан да назардан тыс қалмады.

«Nur Otan» алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды, 31 мың орынды құрайтын 80 жаңа мектеп салу арқылы үшауысымды оқу мәселесін шешуді, 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, 72 денсаулық сақтау нысанын, сондай-ақ 120 мыңнан астам пәтер салуды жоспарлап отыр.

 
Осы күні сайлауалды штаб мүшелері БАҚ өкілдерімен, отандас-қандастармен және жастармен кездесті.

Алматы облысына сапары барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бірқатар азаматтарды қабылдады. Ал Ескелді ауданында, Алматы облысының іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің төрағасы, "Алматы бояулары" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы" Салыкова Римма Аждаровна «Хильниченко и К»КС  №2 ферма ұжымымен  кездесу ұйымдастырып партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары талқылап қайтты.

 
Мәселен, жиын барысында ферма меңгерушісі Кравцова Светлана ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары және орта білімі бар жастарды өз мамандықтарымен жұмысқа тарту  үшін мемлекеттің тарапынан қандай-да бір қолдау енгізілсе деген мәселені қарауды ұсынады. Ал Жолдогутова Нуршаруан «КАЗПОЧТА» емлесінің қазақ тілінде дұрыс жазылуын қолға алуды сұрады. Осы сұрақтар сыңайлы тағы біршама мәселер талқыланып, назарға алынды.Бұл мәселелер нұротандықтардың сайлауалды уәделері аясында шешілетін болады.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Азаматтармен әрдайым тығыз байланыста болу – біздің партиямызға көрсетілетін таусылмас халықтық қолдаудың қайнар көзі». Жалпы, үгіт кезеңі басталғаннан бері біздің қоғамдық қабылдауларға 56 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде 20 мыңдайы – сайлаушылардың ұсынысы мен аманаты. Кандидаттар мен сенім білдірілген тұлғалар 7,3 мың қабылдау өткізді. Халық тарапынан түскен барлық өтініш пен аманат ерекше партиялық бақылауға алынады», - деді партияның Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі.  

 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарды негізінен келесі мәселелер толғандырады: әлеуметтік қамтамасыз ету - 22%, ТКШ - 17%, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу - 12%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары - 8%, денсаулық сақтау - 6%, білім беру - 5% және т.б.


«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ескелді ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді