Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ мен ЦДИАӨМ полиция қызметін цифрландыру мәселесін талқылады

ІІМ мен ЦДИАӨМ полиция қызметін цифрландыру мәселесін талқылады
Фото: polisia.kz

ІІМ мен ЦДИАӨМ полиция қызметін цифрландыру мәселесін талқылады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, цифрлық даму министріне халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, цифрлық технологияларды қолдана отырып жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық орындарда бейнебақылауды күшейту саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Кездесу барысында екі ведомствоның басшылары еліміздің пенитенциарлық мекемелерін толық бейнебақылаумен қамту және мектептерде орнатылған бейнекамераларды полицияның жедел басқару орталықтарына қосу жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында министрліктердің өзара іс-қимылы жөніндегі мәселелерді талқылады.<!--more-->

– Қазақстанда цифрландыру қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтер онлайн-форматқа ауыстырылды. Азаматтар жаңа техникалық шешімдерді еркін пайдаланады. Сондықтан біздің міндетіміз – цифрландыру арқылы “адами факторлардан” арылу, – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.


– Жаңа шешімдер құқық тәртібін қорғау, жол қауіпсіздігін сақтау, қылмыстарды ашу бойынша жұмыстарға енгізілуде. Мысалы, жыл сайын жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу бойынша қызметтерді алу үшін 3 млн-ға жуық азамат полиция органдарына жүгінеді. Сондықтан біз бір орында тұрмай, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіруіміз керек, – деді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Айта кету керек, күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану — Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл жұмыс бірінші кезекте азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді