Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімі су басу қауіпі бар аумақтарды аралады

Шымкент қаласының әкімі су басу қауіпі бар аумақтарды аралады
Фото: Шымкент келбеті

Синоптиктердің болжамы бойынша қыстың алғашқы айы жылы  жаңбырлы болады деп күтілуде. Осыған байланысты Шымкентте су басу қауіпі бар аймақтар жіті бақылауға алынып отыр.  

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге Шымкент қаласының су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.

Тікұшақпен  ұшу барысында Бадам өзенінің бойында орналасқан Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері, Текесу, Бадам, Тоғыс су қоймалары, жоғары Бадам су реттегіші және Сайрам-су өзенін барлау жұмыстары жүргізілді. Аэровизуалды мониторинг кезінде 6 гидротехникалық  құрылыс  нысандары   зерделенді. Сонымен қатар, 2 өзеннің су ағысына шолу жасалды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта су тасқынына қарсы жол картадағы 9 іс шара жүзеге асса, су басу аймақтарындағы қауіп сейіледі.

Әуеден бақылау барысында жағдай тұрақты екені байқалды. Өзендердің ағысы қалыпты. Бадам өзенінде секундына тоғыз текше метр, ал Сайрам суда 1 текше метр су ағуда. Су қоймаларының толу деңгейі 13–45 пайызды құрайды. Тасқын суларды қабылдайтын қоры жеткілікті. Су  тасқынының алдын-алу барысы үнемі бақылауда болады,-деп мәлім етті сала басшылары. Қазір қала аумағындағы  барлық учаскелердегі каналдар, ирригациялық жүйелер мұз бен қоқыстан тазартылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тәуліктік кезекшілік ететін штаб та ұйымдастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты