Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов ауылдық жерлердегі жаңа медициналық нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді талап етті

Әлихан Смайылов ауылдық жерлердегі жаңа медициналық нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді талап етті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде 257 медициналық, 238 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар. Биыл 99 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 20-сы аяқталды, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар Ұлттық жобада инсульт орталықтары, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдерін ашу, сондай-ақ оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы жаңғырту қарастырылған.

Премьер-Министр Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстардың әкімдіктеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің жаңа нысандарын салу бойынша жұмысты жеделдетіп, жыл соңына дейін оларды пайдалануға беруді қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

«Ұлттық жобаны іске асыру Үкіметтің бақылауында. Министр мен өңірлердің әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді