Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда түркістандық азамат басқарған көліктен атыс қаруы тәркіленді

Алматыда түркістандық азамат басқарған көліктен атыс қаруы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Алматыда түркістандық азамат басқарған көліктен атыс қаруы тәркіленді. Автокөлік ішінде тағы үш жас жігіт болған, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қауіпсіз қала” іс-шарасы барысында таңғы сағат 09:30-да Мақатаев пен Досмұхамедов көшелерінің қиылысында “Буран-079” патрульдік полиция экипажымен Toyota автокөлігін басқарған Түркістан қаласының 21 жастағы тұрғыны тоқтатылды.

Шетелдік көліктің ішінде тағы үш жас жігіт болды, олардың екеуі бұрын бұзақылық жасағаны үшін іздеуде болған.

– Тексеру кезінде көліктің ішінен және жүксалғышынан Калашников автоматы, Сайга карабині және сериялық нөмірі өшірілген Grand Power травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қарудың қайдан шыққаны және оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталатын болады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады