Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматының Алатау ауданындағы тұрғын алабында синтетикалық есірткінің астыртын өндірісі өркендеген. Оны 1999 жылы туған С.есімді азамат басқарды.
– Прокуратуранын үйлестіруімен біздің бөлімше қызметкерлерінің жүргізген жедел және арнайы іс-шаралары Дарабоз шағын ауданындағы үйлердің бірінде, одан әрі сату мақсатында есірткі заттары дайындалып жатқанын анықтады. Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды және тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының негізінде қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалды, – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Асхат Дәулетияров.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.