Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Отандық өндіріс» медиа жобасы іске қосылды

Шымкентте «Отандық өндіріс» медиа жобасы іске қосылды

Медиа саласының өкілдері мегаполистегі жетекші кәсіпорындарды аралады. Айтулы бастама ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынып отыр.

Жоба шеңберінде БАҚ өкілдері, блогерлер, өнеркәсіп талдаушылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары өнеркәсіп орындарының тыныс-тіршілігімен танысып, олардың оң иммиджін қадыптастыру мақсатында циклді материалдар дайындайды. 

Осы мақсатта қатысушылар жеңіл өнеркәсіп бағытындағы – «Mega smart» ЖШС-де болды. ЛДСП және жылтыр сәндік панельдер шығаратын өндіріс орны 2015 жылы іске қосылған. Айына бес мыңға жуық мектеп партасы  мен жылына 120 мың жиһаз ағаштарын өндіруге қауқарлы. Бүгінде кәсіпорын өнімдері шетелдерге де экспортталып, ел экономикасына оң әсерін тигізіп отыр.Жиһаз өндірісіне қажетті шикізат Ресейден жеткізіледі. Ұсақ-түйек құралдар Германиядан алынғанымен бұйымға қажетті көптеген  материалдың басым бөлігі - отандық.Фабрика үш бағытта жұмысты жандандырып отыр. 

Олар жұмсақ және корпусты жиһаз шығару мен метал өңдеу. Бұл шаруамен жергілікті 150 азамат айналысуда. Солардың бірі, Талғат Кашимбаев. Өндіріс орны ашылғалы осында еңбек етіп келеді. Отандық өндірістің жандануына септесіп, нәпақасын айырып отырғанына дән риза. Жергілікті жиһаздарды жасауда шеберліктерімен бөлісіп, тәжірибе арттырып келеді. Қазақстандық өнімдердің шетелдік бұйымдардан ешқандай кемшін тұсы жоқ екенін алға тартқан ол, болашақты дамудың даңғыл жолына түсетінімізге бек сенімдімін дейді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады