Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

В2В форматында жетекші кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды

В2В форматында жетекші кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды
Фото: gov.kz

«Иннопром-2023» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов РФ Свердлов облысы губернаторының орынбасары Василий Козловпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Инвестициялық ынтымақтастыққа арналған екіжақты кездесу «Екатеринбург-Экспо»халықаралық көрме орталығында өтті. Сондай-ақ бұл күні қазақстандық тарап В2В форматында жетекші ресейлік кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Оның барысында тараптар екі елдегі инвестициялық ахуалға қатысты пікір алысып, бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаласты.

XIII халықаралық өнеркәсіп көрме алаңында ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігі мен «Орал құрылыс одағы» ЖШҚ арасында меморандум жасалды. Құжат Жамбыл облысы Мойымқұн ауданының аумағында мыс өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында геологиялық барлау жүргізу саласында білікті мамандарды тартуды көздейді. Сол секілді Павлодар облысы әкімдігі мен «Арсенал-НТ» ЖШҚ өкілдері де осындай келісімге қол қойды. Құжат «Энергетика және машина жасау нысандарыүшін жоғары технологиялық металл өңдеу өндірісі»инвестициялық жобасын іске асыруға және машина жасау өндірісін ұйымдастыруға бағытталған.

Бұған қоса «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен «РИТМ» ЖШҚ арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл арқылы «РИТМ» ЖШҚ Ақтау теңіз портының аумағында мұнай өндіруге арналған майлы-салқындатқыш сұйықтық, гидравликалық сұйықтық және реагенттер өндіретін зауыттың құрылысына инвестиция құюға мүдделі. Қаражат мөлшері – 800 млн теңге.

Макинскідегі жылу оқшаулағыш зауыт пен «А3» ЖШҚ экспорттық тасымал жөніндегікелісімшартқа қол жеткізді. Макинск зауыты «А3» ЖШҚ-на MakWool базальт талшығынан жасалған жылу мен дыбысты оқшаулайтын бұйымдарды сатуды көздеп отыр. Тұтастай, бірқатар қазақстандық кәсіпорын бірлескен жобаларды іске асыру туралы ресейлік кәсіпорындармен келісімге келді. Олардың қатарында «Азия сүзгі» ЖШС, «Машзавод» машина жасау компаниялары консорциумы, OLJAKOL ЖШС, «Вега Пром»ЖШС және QazTehna ЖШС бар.

Естеріңізге сала кетейік, ертең «Иннопром-2023» XIII халықаралық өнеркәсіпкөрмесінің соңғы күні. Көрмеге әлемнің 50 елден келген делегаттар қатысып жатыр. Қазақстандық экспозиция алаңы 1000 шаршы метрден тұрады. Мұнда 200-ден астам компания химия және фармацевтика, қара және түсті металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіпке арналған өнімдер мен шешімдерді ұсынып отыр.

Отандық кәсіпорындардың өкілдері көрмеге белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді