Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Екібастұздағы теміржол кластерімен танысты

Алдымен «Проммашкомплект» теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысына өндіріс барысы көрсетіліп, жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шаралары, кәсіпорынның экспорттық әлеуеті мен одан әрі жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

2012 жылы салынған зауыт 700-ден 1250 мм-ге дейінгі әртүрлі диаметрлі және дискілі конструкциядағы теміржол дөңгелектерін шығарады. Зауыт жылына 300 мың дана өнім шығарады. Компанияда 750-ге жуық адам жұмыс істейді.

Бұдан кейін Президент серпінді клеммалар мен бұрандалар шығаратын «Ферротранстрейд» зауытын іске қосты.

– Бүгінде Екібастұз еліміздің теміржол машина жасау орталығына айналды. Қала кәсіпорындары өнеркәсіп өнімінің 73 пайызын құрайды. Олар жыл сайын теміржол саласына қажетті 85 миллиард теңгенің өнімін шығарады. Оның 70 пайызы экспортталады. Бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ «Ферротранстрейд» зауыты іске қосылды. Бұл жерден халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін компоненттерді шығарады. Жаңа өндіріс толық күшіне енгеннен кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды импорттамайтын болады. Кәсіпорын отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерінен жасалған көрмені аралап, зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл жерде 160 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына рельс бекітетін 3 миллион жинақ және 4,5 миллион дана полимерлі төсеу құралын шығарады.

Президентке теміржол саласындағы өнеркәсіптің жетістіктері мен перспективалары туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.

Бұл кәсіпорындар теміржол саласындағы еліміздің шикізаттық емес экспортының үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді