Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты
Фото: gov.kz

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркиядан табылған ұлы ойшыл, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды. Ғұлама ойшылдың бірегей қолжазбасы Түркияға жасалған сапарда Сүлеймания кітапханасынан табылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ұлы ойшылдың бірегей қолжазбасы Түркияға жұмыс сапары кезінде Сүлеймания кітапханасынан табылды.

"Музыка саласына кіріспе" еңбегі 1257 жылдың 3 маусымында жарық көрген. Араб тілінде жазылған қолжазба 243 беттен тұрады. Аталған туынды күні бүгінге дейін толық зерттелмеген.

Реставратор маман Жансерік Бейсенқұловтың айтуынша, қолжазбаның көшірмесі табылғаннан кейін үш апта ішінде басып шығарылған.

«Музыкалық салаға кіріспе» қолжазбасы үш бөлімнен тұрады.Еңбекте музыкалық өнердің принциптері, негізгі терминдер және музыка пәні қамтылған. Кітапта  музыкалық аспаптар мен әр түрлі әуендердің шығармаларына, категориясына және басқа да аспектілеріне кеңінен тоқталған.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары 2022 жылы "Архив-2025" жобасы аясында Ресей, Татарстан және Башқұртстан Республикалары, Түркия, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Мысыр және Катар мемлекеттеріне 11 ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар тарихи құжаттарды зерттеу және сақтау бойынша түрлі жобаларды іске асырды.

Мамандар отандық және шетелдік архивтер мен музейлерден кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды іздеу-анықтау, көшірмесін алу жұмыстарын жүргізіп, тарихи құжаттардың көшірмелерін елге әкелді.

ҚР МАМ архив, құжаттама және кітап комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, қазіргі таңда тарихымыздың ақтаңдақ беттерін түгендеп, тың деректермен толықтыру мақсатында елге жеткізілген  қолжазбалар мен архивтік құжаттар мамандардың қатысуымен зерттелуде.

Барлық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты