Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында Қызыл кітапқа енген ағашты кескен ауыл тұрғындары анықталды

Ақтөбе облысында Қызыл кітапқа енген ағашты кескен ауыл тұрғындары анықталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында Қызыл кітапқа енген ағашты кескен ауыл тұрғындары анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 қарашада “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мәртөк ауданы полиция бөлімінің және полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осы ауданның Хазірет ауылына жақын жерде ағаш тиеп келе жатқан екі тракторды тоқтатты.

Көлік тізгінінде 53 және 56 жастағы ауыл тұрғындары болды. Тексеру барысында тракторлардың тіркемесіне тиелген талдың жартысы Қызыл кітапқа енген қара ольха сирек кездесетін ағашы екені анықталды. Жүргізушілердің айтуынша, бұл ағаштарды олар жақын аумақтан кесіп алып, отынға пайдаланбақ болған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық тұрғындарды қоршаған ортаға, табиғат байлықтарына ұқыпты, жауапты қарауға шақырады және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін заңсыз пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті