Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістандықтан Қызыл кітапқа енген тау арқарының төлі табылды

Түркістандықтан Қызыл кітапқа енген тау арқарының төлі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне қала тұрғынының бірінің үйінде тау арқарының төлі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Кентау ҚПБ қызметкерлері аталған тұрғынның сарайынан екі арқардың төлін тапты. Олар ҚР “Қызыл кітабына” енгізілген тау арқарының екі жасар төлі “көкпек” болып шықты.

Сондай-ақ полицейлер күдіктінің сол аумақтағы қорықтың бірінде жұмыс істейтінін анықтады. Ер адам “қолхатта”.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған арқардың төлі Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Бүгінде тәртіп сақшылары ер адамның “Қызыл кітапқа” енген жануардың төлін қандай мақсатта ұстағанын анықтауда.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР “Қызыл кітабына” енгізілген сирек кездесетін жануарларға қажет жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады