Белгілі болғандай, 33 жастағы ер адам Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылған. Оған дәрігерлер қол мен кеудеге бірнеше жерден пышақ жарақаты салынған деген диагноз қойды. Жағдайды анықтау барысында жарақатты жергілікті тұрғынға пәтерде бірге тұратын өгей баласының салғаны анықталып отыр.
"Жас жігіт бір күн бұрын мас күйінде өгей әкесімен жанжалдасып, төбелескені белгілі болды. Ол таңертең ұйықтап жатқан өгей әкесіне асхана пышағымен шабуыл жасап, дене жарақатын салған. Алынған мәлімет бойынша, жігіт психикалық ауытқушылықпен ауырады. Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша іс қозғалды. Қылмыстық істі қалалық полицияның тергеу бөлімі жүргізіп жатыр", – деді Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.