Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада есірткі дилерінен 2,5 келіден астам “синтетика” тәркіленді

Елордада есірткі дилерінен 2,5 келіден астам “синтетика” тәркіленді
Фото: polisia.kz

Елордада есірткі таратқан интернет-дәріхананың жұмысына тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері елордада “синтетика” сатуды ұйымдастырған интернет-дәріхананың басшысын ұстады.

Полицейлер әлеуметтік желіні қадағалай отырып, 24 жастағы есірткі сатушының ізіне түскен. Оның “синтетиканы” белгілер қою арқылы қала аумағына таратқаны анықталды. Тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысының арқасында дилерді мефедрон сатпақ болған кезде ұстауға мүмкіндік болған. Оны жеке тінту кезінде сатуға дайын 10 есірткі орамасы бар екені белгілі болды.

Одан әрі жалдамалы пәтерді рұқсат етілген тінту кезінде бөлменің әртүрлі бөліктерінен 600 пакет, изолента, электронды таразылар және есірткі заттарын орау үшін өлшеуіш қасықтар, сондай-ақ “синтетика” салынған ыдыстар мен сөмкелер табылған.

Тәркіленген мефедрон есірткісінің жалпы салмағы 2,5 келіден асады, бұл бір реттік жеті мың дозаны құрайды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт кінәсін мойындап, полицияның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады