Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген
Фото: pixabay.com

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының полицейлері зейнеткерді пышақтады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, қамауға алды.

21 тамызда 64 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен түскен. Жараланған азамат жеке меншік секторынан ауруханаға жеткізілгендігі белгілі болды. Жәбірленуші масаңдау халде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қалалық полицияның жедел уәкілдері пышақ ала жүгірген күдіктіні анықтап, ұстады.

– Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты, ол өтіп бара жатқан адаммен ұрыс-керіс бастап, ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Яғни, екеуі бірін-бірі танымайды, тек бірі екіншісіне ескерту ғана жасаған, – деді Талдықорған қалалық ПБ.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді